Екібастұз қалалық мәслихатында әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Екібастұз қалалық мәслихатында әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Оның жұмысына комиссия төрағасы Т.Шмидт, мәслихат төрағасы Н.Макраев, қалалық мәслихат депутаттары М.Маликова және Е.Құсан қатысты.

Сондай-ақ, отырысқа білім бөлімінің басшысы Л.Дисюпова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары А.Қояғанов, «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені басшысы Ф.Клепица және мердігер ұйымның басшысы А.Кулаков қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы еңбек жасақтары құрамында кәмелетке толмағандарды жазғы жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру болды.

Комиссия мүшелері оқушылардың еңбегіне уақтылы ақы төлеуге, қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан техникалық ерекшелікті қайта қарау қажеттілігіне қатысты ескертулер мен ұсыныстарды айтты.

Депутаттар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Мұндай бағдарламаларды ұйымдастыру кезінде жасөспірімдердің құқықтарына нұқсан келтірмеу және заңнама талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз ету өте маңызды екендігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттама ресімделіп, тиісті үзінді-көшірмелер уәкілетті органдарға жіберіледі.