Осы күндері қаламызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ернұр Айткенов келді. Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары Болат Аманжолов, Серік Сәдуақасов және басқа да әріптестерден құралған жұмыс тобын өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырдым.

Сапар барысында қаладағы ірі өндіріс ошақтарын аралап, жұмыс үдерісімен және кәсіпорындардың алдағы жоспарларымен таныстық. Атап айтқанда, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «RAILCAST SYSTEMS» ЖШС, «KAZferroLimited» ЖК, сондай-ақ Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясында болып, өндірістік қуат, еңбек жағдайы, инвестициялық жобалар барысына назар аудардық.

Сонымен қатар, қалада жүргізіліп жатқан жылу магистральдарын жаңғырту және жөндеу жұмыстарының барысы да назардан тыс қалған жоқ. Сенатор атқарылып жатқан жұмыс сапасына көңіл бөліп, тиісті ұсыныстарын білдірді.

Сапар аясында қаламыздың мақтанышы - “Самғау” балалар шығармашылығы орталығына да арнайы барып, білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын, оқушылардың шығармашылық жетістіктерін көрсеттік. Бұл орталық өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасап, дарынды балалардың қабілетін шыңдауға үлес қосып келеді.
Жұмыс сапары қорытындысында өңірдің өзекті мәселелері мен даму мүмкіндіктерін талқылап, сенатордың тиісті қолдау көрсету жөнінде ұсыныстарын қарадық.