Мәслихат депутаттары атынан сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің айғағына айналған бас қала елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін айшықтай отырып, әлемдік аренада өз орнын таба білді және келешегі кемел, өрісі ырысты, болашағы жарқын халқымыздың қара шаңырағына айналды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз. Бас қаламыздың әлеуметтік - экономикалық өсіп - өркендеуіне қосқан қомақты үлес қосқан барша екібастұздықтарға ерен еңбектері үшін алғысымды білдіремін.
Қадірлі жерлестер! Осынау тамаша мереке күні сіздерге баянды бақыт, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
Ерке Есілдің жағасынан керегесін кең жайған Елордамыздың ғұмыры ұзақ, шоқтығы биік болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы