Білім беру объектілерінің қоғамдық мониторингі шеңберінде «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы М.Маликова, қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т.Шмидт және білім бөлімінің басшысы Л.Дисюпова қаланың бірқатар жалпы білім беретін мектептерінде жөндеу жұмыстарының барысына көшпелі мониторинг жүргізді.

№17 ЖОББМ акт залына ағымдағы жөндеу, ішкі электрмен жабдықтау жүйесі мен санитарлық тораптарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг нәтижелері бойынша, нысанда жұмыс істеуге мәлімделген қызметкерлер саны мен нақты жұмылдырылған қызметкерлер саны арасында сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, мәлімделген 7 адамның орнына іс жүзінде тек 5 қызметкер ғана жұмысқа тартылған. Бақылауды күшейту тапсырылды. Жалпы, жұмыстар бекітілген кестеге сай орындалуда.

№13 ЖОББМ мектеп жанындағы аумақты абаттандыру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілуде: футбол және баскетбол алаңдары, тренажерлер, жүгіру жолы, жарықтандыру және тартан жабыны орнатылуда. Жұмыс бекітілген кестеден ілгері жүріп жатыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жылыту жүйесін, интернетті жөндеу және мектептің кіші блогындағы едендерді ауыстыру жоспарланған.

№ 23 ЖОББМ аумағында жасанды футбол алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде Жабынды төсеу, тігістерді желімдеу және құм толтыру сияқты монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

№9 ЖОББМ футбол алаңын орнату жұмыстары аяқталды. Асхана мен спортзалға ағымдағы жөндеу, электрмен жабдықтау мен жарықтандыруға күрделі жөндеу, 80 ағаш терезені ауыстыру жүргізілуде. Еден жабынын жөндеу де жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Инфрақұрылымды жаңарту 2025 жылы жалғасады.

№21 ЖОББМ мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуді ескере отырып санитарлық тораптарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп аумағын жарықтандыру жұмыстары аяқталды.

№25 ЖОББМ қасбеті мен фойесіне (тамбурға) ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқтау сатысында.

Мониторинг барлық жоспарланған жөндеу іс-шаралары толық аяқталғанға дейін жалғасады.