Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 208/25 «2025-2027 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды.
Аталған мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Салтанат Қорабаева баяндады. Өз баяндамасында ол кеңес мүшелерін 2025-2026 жылдарға арналған қала бюджетіне жоспарланған өзгерістермен егжей-тегжейлі таныстырды. Атап айтқанда, облыстық бюджетке 894,3 млн теңге сомасына түзету жүргізілді. Өзгерістерге мыналар кіреді: құрылыс бөлімі бойынша қарыздар түсімін – 1 189,7 млн теңгеге ұлғайту; ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі бойынша трансферттерді – 295,4 млн теңгеге азайту; мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді есепке алу және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын оңтайландыру – 409,7 млн теңге сомасына. Аталған өзгерістерді ескере отырып, қала бюджетінің жалпы көлемі 74 842,6 млн теңгені құрайды.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар нақтылау сұрақтарын қойды.
Қлоғамдық кеңес ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасын қолдау туралы шешім қабылдады.