Pro сүт' 25

Pro сүт' 25

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Павлодар облысы әкімдігінің ресми қолдауымен "Pro сүт' 25" IV Халықаралық сүт бизнесі форумы және "QazaqSut" көрмесі, сүт шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және сүт өңдеу салаларына арналған мамандандырылған іс-шаралары басталды. Екі күнге есептелген іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінің мүдделі өкілдері, жақын және алыс шет елдердің сарапшылары мен жеткізуші компаниялары қатысады. Сүт саласының және суармалы егіншіліктің жоғары деңгейлі спикерлері өз білімдерімен, ұсыныстарымен бөліседі және техникаларын, жабдықтары мен технологияларын көрсетеді, ал келушілер сүт бизнесі туралы ақпарат пен білім алады.
Форумға қатысушылар мен қонақтар арасында Екібастұз өңірінен Екібастұз қалалық мәслихатының "Ақ Жол" партиясынан депутаты Ж.К. Ибраев, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м. а. а. Копежанов болды. Екібастұз делегациясының осындай маңызды іс-шараға қатысуы тәжірибе алмасу, озық технологияларды тарту және өңірдің агроөнеркәсіптік секторының тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.