Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев жергілікті БАҚ өкілдерін құттықтады.
Іс-шара ерекше жылы әрі мерекелік жағдайда өтті. Өз сөзінде мәслихат төрағасы журналистердің қала өміріндегі маңызды рөлін ерекше атап өтіп, олардың азаматтық қоғамды дамытуға, оқиғаларды объективті түрде жариялауға және қоғамдық диалогты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесу барысында қалалық телеарна корреспонденті Дария Досмаганбетова жоғары кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және белсенді ақпараттық қызметі үшін Екібастұз қалалық мәслихатының алғыс хатымен марапатталды.