2025 жылғы 23 маусымда Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, сот және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

2025 жылғы 23 маусымда Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, сот және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

2025 жылғы 23 маусымда Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, сот және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мерекелік жиын қоғам игілігі үшін күнделікті еңбек етіп, қаланың тұрақтылығы мен дамуына, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген жандардың еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айғағы болды.

Іс-шара барысында Екібастұз қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Бибигуль Мубараковна Аманова «Қала алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат оның кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесін мойындау болып табылады.

Салтанатты жиында Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев құттықтау сөз сөйлеп, аталған салаларда қызмет ететін барлық мамандарға адал еңбегі мен іске деген жанқиярлық көзқарасы үшін алғыс білдірді. Құттықтау сөзден кейін марапаттау рәсімі өтті.

Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамоталарымен Н.К.Жетпісбаев- полиция капитаны, Екібастұз қаласы полиция басқармасының ГРЭС-2 кентіндегі полиция бөлімінің кезекші бөлімшесінің инспекторы; Б.Ш.Сабыров - полиция майоры, Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөлімінің аға инспекторы; А.Ж.Тлешов - полиция капитаны, Екібастұз қаласы полиция басқармасының Шідерті кентіндегі полиция бөлімінің кезекші бөлімінің инспекторы марапатталды:

Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі, кәсіби біліктілігі және адал еңбегі үшін Алғыс хаттармен Д.Р.Камалова - Екібастұз қаласы әкімдігі «Экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджет саясаты және жоспарлау секторының статистигі; Д.Б.Майлыбаева– Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы; С.Т.Теміржан - Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы; М.И.Цыбизова - Екібастұз қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының бас маманы марапатталған.