Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүргендерге деген құрметтің белгісі. Сіздердің батылдықтарыңыз, жанқиярлықпен атқарған қызметтеріңіз - еліміздегі құқықтық тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі.
Сіздер күнделікті қызметтеріңізде заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау жолында үлкен жауапкершілік арқалап келесіздер. Ардагерлерге - ішкі істер саласындағы ұзақ жылғы еңбектері мен жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелері үшін алғысымыз шексіз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Елдің тыныштығын күзетудегі ерен еңбектеріңіз елге мәлім бола берсін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы