Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет — бұл халықтың сенімі мен жоғары жауапкершілікті талап ететін мәртебелі міндет. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, адалдықтарыңыз бен принципшілдіктеріңіз мемлекеттік саясаттың тиімді іске асуына, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына, сондай-ақ қаламыз бен өңіріміздің дамуына тікелей ықпал етеді.
Өмірін осы салаға арнаған ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз, табандылықтарыңыз бен мемлекетке деген адалдығыңыз – жас буын үшін өнеге.
Құрметті әріптестер! Мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақ-береке, сарқылмас күш-қуат және Екібастұз қаласы мен еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы