Мәслихат төрағасы Нияз Макраев, қала әкімінің орынбасары Гүлжан Зарлықова, облыстық мәслихат депутаттары Орынбасар Алеев, Исламбек Культуманов, Павел Ярошенко және Серік Садвакасов Павлодар облыстық мәслихатының БКБ режимінде өткен кезектен тыс жиырма екінші сессиясына қатысты.
Күн тәртібінде 13 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Павлодар облысының тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау келісілді, 2024 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп тыңдалды, 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы ақпарат қаралды. Павлодар және Ақсу қалаларындағы кейбір көшелердің атауын өзгерту мақұлданды, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің түрлері бойынша шекті (максималды) мөлшерлері бекітілді, сондай-ақ облыс әкімдігінің ведомствоаралық комиссияларының құрамдары бекітілді.