Экологиялық мониторинг

Экологиялық мониторинг

 

Екібастұз қаласының қоғамдық кеңесі мүшелері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақкөл ауылының маңындағы Қылдыкөл шатқалында орналасқан аймақтың маңызды рухани -мәдени нысандарының бірі-Исабек Ишан Әзірет кесенесінің аумағына экологиялық мониторинг жүргізді.

Мониторинг аумақтың санитарлық жағдайын бағалауды; қоқыс контейнерлері мен дәретханалардың бар-жоғын және жай-күйін тексеруді; туристік ағынның қоршаған ортаға әсерін талдауды; объектідегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтыды.

Осыған дейін қаланың белсенді жастары кешен аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинауды ұйымдастырды; жолдар мен іргелес аумақты тазартты.

 Мониторинг қорытындысы бойынша қосымша урналар орнатуды; қалдықтарды тұрақты шығару жүйесін ұйымдастыруды; жергілікті тұрғындар мен жастардың қатысуымен экологиялық акцияларды қолдауды қамтитын ұсынымдар әзірленді.