Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Екібастұз қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Екібастұз –  мыңдаған адамның туған жері, жүрегіне жақын мекен. Қала еңбекқор халқының, бай тарихының және қуатты өндірістік әлеуетінің арқасында өсіп-өркендеп келеді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында Екібастұз күннен-күнге жаңарып, жайнап, заманауи келбетке ие болуда.

Қала күні – бұл туған өлкені сүйетін барлық жанды біріктіретін ортақ мереке. Бұл – аға буынға деген алғысымызды білдіріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін ерекше күн.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен татулық орнап, Екібастұзымыз жарқын істерімен қуанта берсін!

Қымбатты жерлестер, мереке құтты болсын!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы