Павлодар облыстық мәслихатының жер және аграрлық мәселелер жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Павлодар облыстық мәслихатының жер және аграрлық мәселелер жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Павлодар облыстық мәслихатының жер және аграрлық мәселелер жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа ВКС режимінде жұмыс тобының мүшелері, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев, облыстық мәслихат депутаттары Серик Садвакасов пен Орынбасар Алеев қатысты. Сонымен қатар қала прокуроры Канат Атыгаев, қала әкімінің орынбасары Каныш Адильжанов және қалалық мәслихаттың аграрлық сектор мен жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жанат Ибраев шақырылды.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралып, талқыланды: 1) Павлодар облысында уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің түрлері бойынша шекті (ең жоғары) көлемдерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу. 

2) Бұрынғы ауылдар (бөлімшелер) жерлерін елді мекендер санатынан шығару мақсатында Павлодар облысы мәслихаты мен әкімдігінің елді мекендерді тарату және әкімшілік-аумақтық құрылымды өзгерту туралы қаулыларына өзгерістер енгізу.