Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев №17 ЖОББМ ішкі электрмен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу объектісіне барды.

Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев №17 ЖОББМ ішкі электрмен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу объектісіне барды.

Сапар барысында мәслихат төрағасы жөндеудің ағымдағы жай-күйімен танысып, орындалатын жұмыстардың сапасын тексеріп, мердігер ұйым өкілдерімен мерзімдер мен техникалық талаптардың сақталуын талқылады.

Нысандағы жұмыстарды «Винтрейд» ЖШС мердігерлік ұйымы орындайды. Бүгінгі күні 3-қабатта монтаждау жұмыстары және 2-қабатта ескі электр сымдарын бөлшектеу аяқталды, 2-қабатта монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, мектеп ғимаратында акт залы мен санитарлық тораптарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осы жұмыс түрлерін орындауға арналған мердігерлік ұйымдар анықталған. Олар жөндеу жұмыстарға маусымның екінші жартысында кіріседі.

Жұмыс барысы бақылауда болады.