Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт – бауырмалдық пен мейірімділіктің, сабыр мен шүкірдің, өзара түсіністік пен кеңпейілділіктің символына айналған ұлық мейрам. Бұл күндері бірлігіміз бен ынтымағымыз нығайып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, рухани құндылықтар жаңғыра түседі.

Айт күнгі ізгі ниетіңізді Алла тағала қабыл етсін. Елімізге тыныштық, халқымызға амандық тілеймін. Баршаңыздың отбасыларыңызға береке мен ырыс, дендеріңізге саулық тілеймін. Жүректеріңізге иман, мейірім ұяласын.

Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы