Ж. Сәдуақасовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жұмыс жоспарына сәйкес 2 мәселе қаралды.
«Жазғы кезеңде балалардың бос уақытын ұйымдастыру туралы» «Екібастұз қаласының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары Жазира Хамзабаева баяндады.
Талқылау барысында отырысқа қатысушылар Екібастұзда балалардың жазғы демалысы кешенді түрде ұйымдастырылғанын , бұл олардың сауығуын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі білім беру және мәдени іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың тиімділігі, суармалы егіншілік пен жайылмалы шабындық алқаптардың жай-күйі» мәселесі бойынша жер қатынастары бөлімінің жерге орналастыру секторының меңгерушісі Айман Абильханованың ақпараты тыңдалды.
Отырыс Екібастұз өңірінде ауыл шаруашылығын дамытуға кешенді көзқарастың, соның ішінде жерді тиімді пайдаланудың, ирригациялық инфрақұрылымды жаңғыртудың және инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті. Талқылау барысында айтылған ұсынымдар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ете отырып, Екібастұз өңіріндегі суармалы егіншілік пен жайылмалы шабындық алқаптардың жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ұсынымдар тиісті мемлекеттік мекемелерге жіберілетін болады.
Тыңдалған ақпараттар назарға алынды.