Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

31 мамыр — Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн — тоталитарлық жүйенің құрбаны болған миллиондаған азаматтардың азалы да қастерлі күні,

Біз жазықсыз жапа шеккен, еркіндігінен, өмірінен, жақындарынан айырылған бабаларымызды құрметпен еске аламыз. Сол бір зұлмат жылдардың тарихы — тұтас ұлттың қайғысы. Біз бұл қайғылы кезеңді ұмытпауымыз керек.

Екібастұз қалалық мәслихатының атынан саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына терең қайғырып, көңіл айтамын.

Біздің борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы