Отырысқа қалалық мәслихат төрағасы, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, полиция басқармасының бастығы, облыстық ветеринария және ветеринариялық қызмет басқармасы, қалалық аумақтық инспекция және қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері қатысты.
Павлодар облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Г.К. Бейсенов Екібастұз өңіріндегі мал қорымдарының жай-күйі туралы баяндады. Инфрақұрылымды жақсартудың шұғыл қажеттілігі атап өтілді. Жаңа мал қорымдарын салуға кететін шығындардың жоғары болуына байланысты Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің елді мекендерінің тәжірибесі бойынша қатты отынмен крематор пешін пайдаланудың балама шешімі ұсынылады.
Қалалық ветеринариялық станция бастығының м.а. А.Т. Таурбаев профилактикалық және эпизоотиялық іс-шаралар туралы хабарлады. ІҚМ және ұсақ малды бруцеллезге диагностикалауға басты назар аударылды. Өткен жылмен салыстырғанда оң нәтиже берген жануарлар санының 109 басқа өсуі байқалды.
Тәжірибе көрсеткендей, ең тиімдісі-RB-51 вакцинасы (Испанияда өндірілген). Алайда, оны сатып алу халыққа ауырытпалық түсіреді және әркімнің мұндай мүмкіндігі бола бермейді. Осыған байланысты депутаттар облыстық мәслихаттың қарауына бюджет қаражаты есебінен RB-51 вакцинасын сатып алу туралы мәселені шығаруды ұсынды.
Отырыс барысында автомобиль жолдарында ірі қара малдың рұқсатсыз жайылу мәселесіне ерекше назар аударылды, бұл жол қозғалысына қатысушылар мен жануарлардың өздеріне қауіп төндіреді.
Депутаттар ауылдық округ әкімдеріне жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп орталықтандырылған мал жаюды ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, жол бойындағы қорғаныс торларының жай-күйін тексере отырып, республикалық трассалардың жанында орналасқан елді мекендерде тұрақты рейдтер жүргізу ұсынылды.
Барлық қабылданған ұсынымдар одан әрі жұмыс үшін бейіндік құрылымдарға жіберілетін болады. Мәселені тұрақты комиссия бақылауға алды.