Алтын белгі

Алтын белгі

Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев №17 мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жүректерге жылу ұялатқан сәттің куәсі болды. Биылғы түлектердің арасында «Алтын белгіге» 7 үміткер  бар - бұл өз ісіне жауапты, білімге құштар, болашағынан үлкен үміт күттіретін нағыз алтын ұрпақ!

Соңғы қоңырау - мектеппен қоштасудың ғана емес, үлкен өмірдің алғашқы беттерін ашатын маңызды кезең. Түлектерге шын жүректен сәттілік тілейміз! Армандарыңыз асқақ болсын, алда күтіп тұрған өмір жолдарыңыз жарқын болсын!