Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер қоғамның рухани байлығын сақтап, ұлттың мәдени мұрасын дамыту жолында елеулі еңбек етіп келесіздер. Өнер мен мәдениет арқылы халықты біріктіріп, олардың жүрегіне шабыт пен үміт сыйлайсыздар.

Сіздердің шығармашылық қызметтеріңіздің арқасында Екібастұз өңірінде мәдени өмір жанданып, игі бастамалар жүзеге асырылуда, жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығы арта түсуде.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шабыт тілеймін. Ізденістеріңіз бен еңбектеріңіз халықтың жүрегінен орын тауып, әр күніңіз қуаныш пен жаңа жетістіктерге толы болсын!

 

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы