Баянауыл ауданының тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау және мерейтойлық медальдар табыстау

Баянауыл ауданының тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау және мерейтойлық медальдар табыстау

Аудандық мәслихат төрағасы Руслан Рахметоллаұлы Мұкашев, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция полковнигі Медет Қалтайұлы Қожахметов және ауыл әкімдері — Жанат Дуанұлы Мәжитов, Арман Эльқуатұлы Мұсатаев, Мұхтар Абдықапарұлы Молшин — Жеңіс күні қарсаңында ауданымыздың тыл еңбеккерлерін құттықтауға арналған іс-шараны жалғастырды.

Торайғыр, Бірлік және Қызылтау ауылдарының тұрғындары — Әділшин Егiнтай, Жакушева Магзи, Иманбаев Самар, Опабеков Турагасын Нагманович — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.

Іс-шара барысында тыл ардагерлеріне зор денсаулық пен отбасыларына амандық тілектер жолданды.