2025 жылғы 5 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы интернет желісінде тікелей эфирде өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі Ардақ Әнуарбекұлы Кісентаев, Павлодар облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Анар Кенжеқызы Мұратова, Баянауыл аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Аспанбек Тәуәлиұлы Агимбеков, аудан әкімінің орынбасарлары Еркін Темірболатұлы Арыстанбеков, Қинаятолла Хайроллаұлы Тәліпов, Альмира Аманқызы Дисюпова, Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің әкімдері және ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес 2024 жылға арналған аудандық, Майқайың кентінің және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. Павлодар облыстық тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды. Сонымен қатар аудан әкімдігінің құрамына өзгерістер енгізу, ауданның басқару схемасын бекіту, сондай-ақ 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.