7 сәуірде Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы мен кезектен тыс ХХХІІ сессиясы өтті.

7 сәуірде Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы мен кезектен тыс ХХХІІ сессиясы өтті.

7 сәуірде Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы мен кезектен тыс ХХХІІ сессиясы өтті.

Аудандық мәслихатының кезектен тыс XХХІІ сессиясы мен тұрақты комиссияларының отырыстарына аудандық мәслихатының депутаттары, ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Т. Агимбеков, аудан әкімінің орынбасары Қ.Х.Талипов, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Т. Абдыкаримов, Майқайың кенті мен ауылдық округтердің әкімдері, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тіртібіндегі Баянауыл ауданы Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы және Баянауыл ауданының Майқайың кенті әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы мәселелер талқыланды.

Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің әкімдері мен міндеттерін атқарушы лауазымды тұлғалар өз ауылдық округтерінің бюджеттеріне қарасты енгізілген өзгерістер туралы баяндамаларын депутаттардың алдында ұсынды.

Ауданның Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу және Баянауыл ауданының Майқайың кенті әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды