Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы және кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырыста аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.
Талқылау барысында депутаттар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, қаралып отырған мәселе бойынша бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Сондай-ақ, бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия барысында аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданып, бекітілді.
Кезектен тыс сессия жұмысына аудан әкімі қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір білдірді.