
2026 жылғы 03 маусым күні Баянауыл аудандық мәслихатының кезекті 50 сессия отырысы өтті.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына кіру төлемақысы туралы талқыланды. Сонымен қатар, Баянауыл ауданында «Жастар саясаты туралы» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы баяндама тыңдалды және Баянауыл ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы талқыланды.
Сессия барысында Жаңажол, Торайғыр ауылдық округтерінің әкімдері 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Барлық көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Ауданның тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.