Мәслихаттар арасында аймақаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайту

Мәслихаттар арасында аймақаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайту
   2026 жылдың 10 сәуір күні мәслихаттағы әріптестер мен депутаттар үшін маңызды кездесу өтті. Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы Руслан Мұқашев мырза бастаған әріптестер Екібастұз қаласына арнайы іссапармен барды.
   Кездесу барысында мәслихаттың атқарып жатқан жұмыстары жан-жақты таныстырылып, тұрақты комиссиялардың қызметі туралы кеңінен ақпарат берілді. Әріптестерге жұмыс тәжірибесі көрсетіліп, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.
   Мазмұнды өткен бұл жүздесу тәжірибе бөлісуге, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді жұмыс тәсілдерін ортаға салуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер алдағы ынтымақтастықты нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге жол ашады.