
Бүгін Баянауыл аудандық мәслихатының кезекті сессия отырысы өтті.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, ауданның дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің 2026 жылға жүргізіп жатқан дайындық жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, аудан аумағында төрт түлік мал арасында құтыру ауруының алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы баяндама тыңдалды.
Сессия барысында Бірлік, Жаңажол, Қызылтау және Ұзынбұлақ ауылдық округтерінің әкімдері 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Барлық көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Ауданның тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.