
16 ақпан күні Баянауыл аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLIV сессиясы өтті.
Аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLІV сессиясына аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімінің орынбасары және ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі «Баянауыл аудандық мәслихатының (VІІІ сайланған кезектен тыс ХІV сессия) 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Баянауыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» № 115/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 06 қарашадағы «Баянауыл аудандық жер комиссиясын құру туралы» № 208/35 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.