
19 желтоқсан күні Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс ХLІІ сессиясы өтті.
Аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLІІ сессиясы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарына аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі А.Ә. Кісентаев, аудан әкімінің орынбасарлары, Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің әкімдері және ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі Баянауыл ауданының әкімі А.Ә. Кісентаевтың Баянауыл ауданының әлеуметтік–экономикалық даму жоспарының 2025 жылы орындалуы және 2026-2028 жылдарға арналған Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.