
17 желтоқсан күні Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезекті ХLІ сессиясы интернет желісінде тікелей эфирде өтті.
Аудандық мәслихатының кезекті ХLІ сессиясы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарына аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің әкімдері және ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тіртібіндегі «Баянауыл аудандық полиция бөлімі облыстық және аудандық деңгейдегі жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу және бақылау шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстары туралы», «2026-2028 жылдарға арналған Баянауыл ауданының
бюджетін бекіту туралы», «2026 жылға арналған Баянауыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы», «Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024-2025 жылдары атқарған жұмыстары туралы», «Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың 2024-2025 жылдары орындалу барысы туралы», «Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімінің 2024-2025 жылдары атқарған жұмыстары туралы», «Баянауыл ауданы бойынша
жылқы малын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы» мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.