
2 желтоқсан күні Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс XL сессиясы өтті.
Аудандық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарына аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі А. Ә. Кісентаев, аудан әкімінің орынбасарлары Қ.Х.Талипов, Е.Т. Арыстанбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Т.Абдыкаримов, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, ауылдық округтардың әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі Баянауыл ауданының Майқайың кенті мен ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.