Баянауыл аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясы 2025 жылғы 27 қараша

Баянауыл аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясы 2025 жылғы 27 қараша
27 қараша күні Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс ХХХІХ сессиясы өтті.
 
Аудандық мәслихатының кезектен тыс XХХІХ сессиясы мен тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарына  аудандық мәслихатының депутаттары,  аудан әкімінің орынбасарлары Қ.Х.Талипов, Е.Т. Арыстанбеков,  ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
 
  Күн тіртібіндегі Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4/1 «VІІІ сайланған Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі №193/21 «Баянауыл ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Баянауыл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы және Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы»  № 237/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 20-бабының 2 – тармағына сәйкес Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 29 қазандағы «Баянауыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына жаңа сайланған депутатты тіркеу туралы» № 1-11/45 қаулысына сәйкес № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Баянауыл аудандық мәслихатының депутаты болып Алем Кенжебаевич Акимжанов тіркеліп аудандық мәслихатының сессиясында депутаттық куәлігі мен төсбелгісі табыс етілді.