VIІІ сайланған Баянауыл аудандық мәслихатының
депутаттары мен сайлаушыларының
ЕСІНЕ!
2025 жылғы 27 қараша күні сағат 11.00 – де VІІІ сайланған Баянауыл аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІХ сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына мынадай мәселелер қарастыру ұсынылады:
- VІІІ сайланған Баянауыл аудандық мәслихаты депутатын тіркеу туралы Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытындысы туралы.
- Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі №193/21 «Баянауыл ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Баянауыл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.
- Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» № 237/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер.
Баянауыл аудандық
мәслихатының төрағасы