2025 жылғы 21 шілде күні сағат 11.00 – де VІІІ сайланған Баянауыл аудандық мәслихатының кезекті ХХХV сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына мынадай мәселе қарастыру ұсынылады:
Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 96/12 шешіміне «2024–2026 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» өзгерістер енгізу туралы
2025 жылы Баянауыл ауданында бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстар және жергілікті жерлерде өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық іс-шаралар жоспары туралы
2024 жылы және 2025 жылдың І жартыжылдығында Баянауыл ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Баянауыл ауданы бойынша мәдениет үйлерінің жағдайы туралы
«Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамының Баянауыл аудандық электр желілері бойынша 2024 жылы және 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2024 жылы және 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы (туризм, экология және басқа да мәселелер)
Баянауыл ауданының экономика саласының нақты секторы бөлімі тарапынан 2024 жылы және 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы
Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 253/28 «Баянауыл аудандық жер комиссиясын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Баянауыл аудандық
мәслихатының төрағасы