Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтау

Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтау

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Жанат Шұғаев Павлодар ауданының әкімі Дидар Ибраевпен  ауданымызда тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері - Мария Алексеевна Матюшинаны Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Құрметті ардагер қонақтарды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, алғыс сөзін айтып, құттықтау хатты оқып шықты.

Аудандық маслихат төрағасы Мария Алексеевнаның ерлігіне шексіз ризашылығын білдіріп, мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Мұндай кездесулер – қайсар рух пен ерлікке тағзым етудің айқын көрінісі.