Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отан қорғаудан артық міндет жоқ, сондықтан бұл айбынды мерекенің орны әрқашан да бөлек. Туған жеріміздің тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін күн.
Егемендіктің алғашқы күндерінен бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылып, әскеріміздің жаңа келбеті қалыптасты. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери техникамен қаруланған.
Біздің жерлестеріміз - Қарулы Күштердің жауынгерлері, күш құрылымдарының қызметкерлері өз істерімен Отанымыз - Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аға ұрпақтың батырлық дәстүрлерін жалғастыратынына сенімдіміз!
Баршаңызды атаулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық отбасыларыңызға бақ-береке, елімізді көркейту жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыстар тілейміз.
Аудандық маслихат депутаттары