Аудандық мәслихат депутаттары Ж.Р. Шұғаев, М.А.Жұмадиева, Н.К. Марсалықов, Н.Т. Нұрғалиев, С.С. Ткачук, Г. С. Унгаровпен бірге Мичурин және Пресное ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралады.
Мичурин ауылында Береговое көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (1.4 км). Мердігер «Павлодар жолдары» ЖШС жұмысты сапалы орындады.
Пресное ауылында клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда депутаттар бірқатар талаптар қойды. Мердігер барлық ескертулерді жоюға міндеттенеді. Барлық айтылған ескертулерді депутаттар бақылауға алды.