Павлодар аудандық мәслихатының 29-шы кезектен тыс сессиясы өтті

Павлодар аудандық мәслихатының 29-шы кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың 29-шы кезектен тыс сессиясында Павлодар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты екі негізгі мәселе қаралды.

Мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 26/220 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бюджетті нақтылау ҚР Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілді. Қалдықтарды қайта бөлу және Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша 95,4 млн теңге көлемінде үнемдеу есебінен қаражат басым бағыттарды іске асыруға бағытталды:

  • Набережное, Заря және Богдановка ауылдарындағы сорғы станцияларын жөндеу және жаңғырту ;
  • Набережное ауылында байланысты жақсарту үшін антенна-діңгек құрылысын орнатужолдар мен көшелерді орташа және күрделі жөндеу;
  • Богдановка ауылындағы клубты күрделі жөндеу ;
  • жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарын, бөгеттерді орнату.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтауға бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы 2024 жылғы 22 қарашадағы № 23/202 шешімді іске асыру барысы туралы. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қайта қаралды.

Депутаттар Р.Смағұлов пен М.Жұмадиева Пресное және Караголь ауылдарындағы ауыз судың сапасына наразылықтарын білдірді. Талқылау нәтижесінде депутаттар экономиканың нақты секторы бөлімінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп таныды, бұрын қабылданған шешімнің орындалу мерзімін ұзарту және осы мәселеге ағымдағы жылдың тамыз айында оралу туралы шешім қабылдады.

Депутаттар бюджет қаражатын тиімді пайдалану және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруда.