
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған жоспарының 2.10 және 6.2- тармақтарын орындау мақсатында мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсініктемелер берілді. Аппарат қызметкерлері заңнамалық актілердің баптарымен танысты, онда ешкімді шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды деп айтылады. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсітушілік пен қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құруға бағытталған шаралар қабылдауы тиіс деп белгілейді. Сонымен қатар, қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін анықтау үшін аудандық мәслихат аппаратының ұжымында мемлекеттік қызметшілерге сауалнама жүргізілді. Нәтижелерді талдау қорытындысы бойынша ұжымдағы мәдениет деңгейі оң, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынас екенін көрсетті.