Қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін анықтау үшін аудандық мәслихат аппаратының ұжымында мемлекеттік қызметшілерге сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін бағалау, әдептілік пен өзара сыйластық қағидаттарын сақтау, коммуникациядағы проблеманы және олардың себептерін анықтау болды. Сауалнама қағаз бетінде жүргізілді. Қатысушыларға сауалнамаларды толтыруға жеткілікті уақыт берілді. Нәтижелерді талдау ұжымдағы мәдениет деңгейі оң екенін көрсетті. Осылайша, сауалнама нәтижелері ұжымдағы ішкі ахуалды жақсартуға, қызметкерлердің ынтасын және қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін арттыруға көмектеседі.