Азаматтарды жеке қабылдау
Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспарының 2-тармағын іске асыру шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау өткіздім. Мемлекеттік қызметке өту мәселесі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны Әнел Игілікқызы Аяғанова жүгінді. Әнел С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша оқиды. Болашақта ол өз тағдырын мемлекеттік қызметтегі жұмысымен байланыстырғысы келеді.Әнел Игілікқызына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығынан ережелер түсіндірілді.
Мәслихат аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Таласова