Шағын орталық құрылысына мониторинг.
"АМАNAT" партиясы аудандық мәслихатының төрағасы, Ж.Р. Шұғаев Заңғар ауылында 50 адамға арналған шағын орталық құрылысына мониторинг жүргізді.
Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жүргізілген жергілікті мектепке барды. Жөндеуден кейін мектеп білім берудің ең жоғары және заманауи стандарттарына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта мектеп жиһазын ауыстыру мәселесі шешілуде.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаты Т. Ж. Сегизаевамен бірлесіп мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.
Ефремовка ауылына барып, биылғы жылы еден жабыны ауыстырылған спорт кешенін аралады.
Мектеп директоры С. Г. Шусьпен әңгімелесу барысында мектептің жылу беру маусымына дайындығы мәселесін көтерді.