Мәслихаттың 7 кезектен тыс сессиясы өтті

Мәслихаттың 7 кезектен тыс сессиясы өтті

Мәслихаттың 7 кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Ж. Шұғаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың 7 кезектен тыс сессиясы өтті, онда аудандық бюджетті нақтылау, «Ауыл Аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы және басқа да мәселелер қаралды.

         Аудандық бюджеттің нақтылануы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Рахимбердина хабарлады.  

         Енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, нақтыланған аудандық бюджеттің көлемі 5 220,9 млн.теңгені құрайды, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 2 348,2 млн. теңге.

         Мәселені талқылау барысында депутаттар бірқатар ескертулер айтты. Аудандық мәслихат төрағасы Ж. Шұғаев шығыстарды оңтайландыруға назар аударды, жылу үшін берешек мәселесіне қызығушылық танытты, «Ауыл Су» ЖШС басшысына осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

         «Ауыл Аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы М.Алдангор хабарлады. 9 ауылдық округ ӘКК құру бойынша жұмысты жандандырды, Ольгинка ауылы мен Ефремовка ауылдық округі әзірге қатыспады. Депутаттар ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың бақылауында тұрған осы бағдарламаны іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

         Сонымен қатар, депутаттар ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырып, тиісті шешімдер қабылдады.

         Сөз соңында аудан әкімі Н.В. Дычко сөз сөйлеп, депутаттарға аудандық бюджетті қалыптастыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуды, жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерімен бірлесіп, ауылдық округтерді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысуды, ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттарын белгілеуді ұсынды.