1 қыркүйек - Білім күні!

1 қыркүйек - Білім күні!

Құрметті ұстаздар, құрметті оқушылар, ата-аналар!

 

Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз Отанымыздың өскелең ұрпағын тәрбиелеу мен оқыту ісіне жанқиярлықпен қызмет ететін ұстаздарымызға ризашылығымызды білдіреміз.

Білім беру саласы-біздің өңірдегі әлеуметтік саясаттың басты басымдықтарының бірі.

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілейміз!

Алдағы оқу жылы жағымды эмоциялар мен жарқын оқиғаларға толы болсын! Мереке құтты болсын!

 

 

Аудандық мәслихат депутаттары