Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру

Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру

Мемлекеттік қызмет-бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерін орындау жөніндегі қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің тұтастығын және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік қызмет үшін имидж маңызды функционалдық және мәртебелік мәнге ие. Бұл халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің тиімділігін, мемлекет жүргізетін өзгерістерді бағалау критерийі. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру тиімді жұмыс істеудің және дамудың қажетті шарты болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру үшін шарт болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру қажеттілігіне қатысты мәселелерге елеулі көңіл бөлуде.

Имидж - бұл белгілі бір адамдар тобына белгілі бір эмоционалды-психологиялық әсер етуге арналған мақсатты түрде қалыптасқан бейне.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру-күрделі және ұзақ процесс.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексінде айқындалған.

Осылайша, мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшінің өзі жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды практикада қолдана білу, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным, патриотизм сезімі, мемлекеттік қызметшінің моральдық келбеті сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс.

 

 

Павлодар аудандық мәслихат аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Таласова