Богдановка және Аққұдық ауылдарында азаматтарды қабылдау

Богдановка және Аққұдық ауылдарында азаматтарды қабылдау

Аудандық мәслихаттың хатшысы Жанат Шұғаев Богдановка және Аққұдық ауылдарында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Богдановка ауылының клуб меңгерушісі Ыбырай Айжан "Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысу, сондай-ақ өтеусіз грант алу мәселесі бойынша жүгінді. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.С. Досановамен бірлесіп, осы мәселе бойынша түсініктемелер беріліп, көмек көрсетілетін болды.

Т. Жүнісов Богдановка ауыл клубының күзетшісі мұсылман зиратын қоршау мәселесін көтерді. Бұл мәселе 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін толығымен шешілетін болады. Қаржы бөлінді, материал сатып алынуда.

Аққұдық ауылында "Титан" ЖШС директоры Б.Е. Төленов мал жаюға жайылым бөлу мәселесі бойынша көмек сұрады. Бұл мәселе де бақылауға алынды.