Луганск ауылында азаматтарды қабылдау

Луганск ауылында азаматтарды қабылдау

Аудандық мәслихаттың төрағасы Жанат Шұғаев Луганск ауылында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Луганск ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Я. Прищепная Кутузов - Советское көшелеріндегі әлсіз жарықтандыру мәселесі бойынша жүгінді. Сондай-ақ, Богдановка ауылындағы ҰОС қатысушыларына ескерткішті жөндеу мәселесін көтерді.

Луганск-Константиновка жолының мәселесі бойынша Луганск ЖОББМ мұғалімі О.О. Щеглова жүгінді.

Барлық мәселелер бақылауға алынды.