Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

Ауыл шаруашылығы саласындағы шағын бизнесті қолдау (ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, көктемгі егіс жұмыстарына ЖЖМ бөлу, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекеттік субсидиялар бөлігінде) туралы Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Д.С. Досанова хабарлады.

2022 жылы Павлодар ауданының ауыл шаруашылығын қолдауға 4527,7 млн.теңге бөлінді, оның ішінде өсімдік шаруашылығына субсидиялар 580,2 млн. теңгені, мал шаруашылығын дамытуға – 2318,6 млн. теңгені, сондай – ақ инвестициялық субсидиялар-1628,9 млн. теңгені құрады.

2023 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауданға 1760 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. 2 оператор анықталды, босату бағасы тоннасына 228 000 теңгені құрады (операторлық қызметтерді ескере отырып, литріне 191 теңге).

Бұдан басқа, ауылда бизнесті дамытуды қолдау мақсатында 2022 және 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде 2313,62 млн.теңге сомасына 86 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде: лизингтік компаниялар арқылы 713,5 млн. теңге сомасына 29 бірлік, сондай-ақ өз қаражаты есебінен 1600,08 млн. теңге сомасына 57 бірлік.

Мәселені талқылау нәтижесінде Қоғамдық кеңес мүшелері ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесті қолдаудың оң динамикасын атап өтті.

Сондай-ақ, кеңес отырысында толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты бірқатар нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды. Мәселен, Павлодар ауданының әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1 типті қант диабетімен ауыратын науқастарға көмек көрсетуге қатысты толықтырулар енгізілді: 10 АЕК мөлшерінде және 1 топтағы мүгедек баланы алып жүретін адамдарға 20 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленді.

Қарастырылған барлық мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.