Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Бүгін 8 шақырылған аудандық мәслихаттың алдағы 1 сессиясына дайындық бойынша мәслихат аппаратының бас мамандарымен аппараттық кеңес өткіздім. 2023 жылғы 19 наурызда бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Павлодар аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Павлодар аудандық мәслихатына 11 депутат сайланды. Күн тәртібі бойынша 1 сессияда ұйымдастыру мәселелерін қарау жоспарланған. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес сессияда тұрақты комиссиялар құрылады олардың төрағалары сайланады, тұрақты комиссиялардың дербес құрамдары бекітіледі және 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы сайланады. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың 2 сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселелер талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша бас мамандарға алдағы сессияларға материалдар дайындау бойынша тапсырмалар берілді.

Павлодар аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Айымгүл Бекенқызы Таласова